Коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін еліміздің аймақтарында оқшаулануға арналған ауруханалар дайындалған.
Махамбет ауданында да 100 адамға арналған провизорлық стационар жасақталып отыр.
Арнайы орын ретінде біраз жылдан бері қаңырап бос тұрған ауданаралық өкпе аурулар ауруханасының ғимараты таңдалып алынды.
Қазіргі таңда барлық санитариялық талаптарға сәйкестендірілген. Жылу, жарық жүйесі, ыстық су, салқын су бәрі қалыпты жұмыс жасап тұр.
Дәрігерлер мен медбикелерге арналған тынығу, тамақтану бөлмесі, инфекцияның алғашқы белгілері анықталғандарға арналған оқшаулау палаталары сақадай сай. Палата қажетті жабдықтармен толықтай қамтылған.
"Жалпы ауданда эпидемиялогиялық ахуал тұрақты. Қолайсыз аймақтардан келген 12 адам үй карантинінде, дәрігерлік бақылауда. Провизорлық станционар дайындалғанымен мұнда қазіргі таңда түскен науқастар жоқ", -дейді Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлшат Бақтыбайқызы.
Қазбек АЙТҚАЛИЕВ