Ауданымызда «Браконьер» акциясы жалғасуда

Аудан көлемінде 01-15 сәуір аралығында «Браконьер» табиғатты қорғау акциясы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған орай аудан көлемінде ЭГТРМ-нің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп, аңшылық шаруашылық және жайылым аумақтарында аңшыларға, оның ішінде аңшылық қаруды енгізу және шығару тәртібін және көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау, елімізге аң аулау мақсатымен келген шетел азаматтары тексеріледі.

Сонымен қатар табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін, биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғын анықтау үшін республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарын тексеру рейдтік іс-шаралары жүргізіледі.

Д.Расулиев,

аудандық полиция бөлімінің,

ЖПҚБ-нің бастығы міндетін атқарушы,

полиция капитаны

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT