Махамбет ауданында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Осыдан 45 жыл бұрын бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауған соғысына аттанған болатын. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншама жас мүгедек болып елге оралды. Он жылға тарта созылған Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысқан.

Махамбет ауданында ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға арналған салтанатты шара өтті. Ауған жауынгерлерін ұлығылау мақсатында Махамбет ауданында музейде бөлме жасақталған болса, бүгінгі күні тағы бір қуанышты сәттің куәсі ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. 

– Сол бір қатыгез соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жауынгер ағаларымыздың отанға деген ыстық лебізі, төзімділігі мен ерлігі біз үшін әрқашан айбынды қаһармандық үлгісі болып табылады. Қан майданда көрсеткен батырлығы мен ержүректілігі, жайлы да жарқын болашақ үшін жан пида болған жауынгерлеріміздің ерлік істері халық жадында мәңгі сақталады,-деді аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT