Жаңа оқу жылы басталысымен ҚР ІІМ-нің нұсқауына сай, бөлімнің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ж.Ділмағамбетова мектеп оқушыларымен кездесім, жоспарлы дәрістер жүргізді. Оқушыларға арнайы дайындалған бояулар таратылып, мән-мағынасына қарай жұмыс жасап көрсетілді.
1 сынып оқушылары үшін жол қауіпсіздігі мен жолда жүр ережелері түсндіріліп, белгілер мен бағдаршам көздері таныстырылса, жоғары сыныптарда құқықбұзушылықтар, қорқытып алушылық, интернет алаяқтық және нашақорлық туралы деректермен бөлісті. Зиянды заттар мен қауіпті ортамен байланыспауға шақырды.
Мерекелік іс шара оқыс оқиғасыз аяқталды.