Махамбет ауданында «Атамұра» халық аспаптары оркестрінің тұсаукесер концерті өтті

Махамбет аудандық "Өнерпаз" мәдениет үйінде Республика күніне орай «Атамұра» халық аспаптары оркестірінің «Дәстүр – Даму» атты тұсаукесер концерті өткізілді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР мәдениет қайраткері, профессор Сәлімгерей Садықов. Сонымен қатар, аталған концертте жеке орындаушылар халықаралық конкурстың лауреаттары Әли Төлеуов, Санжар, Қатапов, Наурызбек Жұмағалиев, Мөлдір Жетпісбаевалар өз өнерлерін аудан тұрғындарына ұсынды.

Шара соңында аудан әкімі Қ.Нұрлыбаев оркестр ұжымына сәттілік тілеп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521