Міне, көзді ашып-жұмғанша еліміздегі тағы бір тарихи орын алатын күн таяп қалды.
Еліміздің 31 жылдық тарихында кезектен президент сайлауы бірнеше мәрте өткізілді. Әйтсе, де әр жолға сайлаудың өз ерекшелігі, елдің дамуына әкелер елеулі өзгерісі бар. Бүгінгідей демократиялық қоғамда сайлау әділдік пен ашықтықты талап етеді. Мемлекет басшысының өзі де президенттік басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіп, халық үніне құлақ асатын ел екенімізді дәлелдеуге нық қадамдар жасауда. Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 20 қарашада өтетін Президент сайлауына сақадай сай десе болады. Ауданға қарасты 18 сайлау учаскесі дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Сәйкесінше, 18 сайлау комиссиясы өз жұмыстарын жақсы меңгерген мамандар. Бүгінде біздің күнтізбелік жоспарымыз бекітілді. Көпшілік орындарға сайлауға шақыру билбордтары ілінді. Заңға сәйкес 1 адам, 1 дауыс құқына ие. Жыл сайын елімізде сайлаушылар саны да артып келеді. Бұл халықтың өз болашағына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. 20 қарашада әрбір қазақстандық айлау құқына ие азамат өз таңдауын жасауы тиіс деп санаймын. Аумақтық сайлау комиссиясы үгіт-насихат жұмыстарынан бейтарап. Біз сайлаудың өту барысына жауап береміз.
C.ШОТПАҚОВ,
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы