Талдыкөлде 600 метр дамбы жөнделді

Бейбарыс ауылдық округінде тасқын суға қарсы күн-түн демей жұмыстар қызу жүруде. Бұл округте 15 техника, оның ішінде Талдыкөлде  2 жүк тиегіш, 1 экскаватор,1 камаз, Аққайың ауылында 1 жүк тиегіш, Бейбарыс ауылында 2 бульдозер, 2 жүк тиегіш,5 камаз апаттың алдын алу мақсатында жұмыла жұмыс жасап жатыр.  Бөгеттердің сыртқы қабаты құм толы қапшықтармен қапталуда.

Ең қауіпті деп танылған Талдыкөл ауылының жағасына судан қорғану дамбысын бекітуге 26 наурыздан бастап, 104 адам жұмылдырылып, 600 метр дамбы жөнделіп, қауіпті жағаға 6 500 қапшық қапталды.

Бейбарыс ауылдық округінде  4032 халық бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT