МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА 8 ЖАС КӘСІПКЕР 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ АЛДЫ

Қазіргі уақытта Махамбет ауданында 2034 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.  Олардың 1897-сі немесе 93,3 пайызы – белсенді субъектілер.  Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 16 пайызға артып отыр.  Аталған салада 2770 адам жұмыспен қамтылған.  Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Перизат Таңатованың айтуынша, есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде егін және мал шаруашылығы бағытында 6 кәсіпкерлік 121,5 млн.теңге несие алды.

– Ауыл бизнесін дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен касіпкерлерді несиелендіру бағытында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 14 кәсіпкер 146,0 млн теңге несие алды.  2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде несиелеу бағытында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» облыстық филиалы арқылы 5 кәсіпкер 312,0 млн. теңгеге қаржылай қолдау алды.  «Жастарға арналған 2,5 пайыздық несие» бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 8 жас кәсіпкер 37,4 млн.тенгеге қаржыландырылды,- дейді П.Таңатова.

Дегенмен ауылда тұратын кәсіпкерлер үшін банктерден несие алуда кедергілер де жоқ емес. Әсіресе, кепілге қоятын мүлік төңірегінде әңгіме көп.  Бұл бағытта кәсіпкерлердің бірлесе қимылдап, ұйымдасқаны маңызды.  Бизнес-жоспарларын дұрыс жасап, құжаттарын реттей білу керек.  Ауданда кәсіпкерлік картасы жаңартылып, үнемі белсенді жұмыс жасалуы керек.  Ең бастысы, мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар түзіліп, жеңілдіктер жасалып отырған мезгілде соны уақтылы пайдаланып қалу қажет.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Махамбет ауылы, «Jaiyq shugylasy» газетінің 50 жылдығы көшесі, 29 мекен жайындағы «Бизнес-инкубатор, кәсіпкерлерге арналған үкімет және коммуналдық базар» ғимаратында орналасқан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жолығуыңызға немесе 7-91-54 байланыс нөмірі арқылы кеңестер алуыңызға болады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT