Республика күні – еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері нақты бекітілді.
Қазіргі уақытта еліміздің басшылығының бастамасымен іргелі реформалар жүруде.Осы орайда, тәуелсіз сот саласының жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес.Сот жүйесінде жүргізіліп келе жатқан заманауи реформалар да сот тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті.
Барлық соттарда электронды іс жүргізу жүйесі енгізілген, сот процесіне қатысушылардың өз істерінің қозғалысын кез-келген уақытта бақылай алуына мүмкіндік жасалды, одан бөлек, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелі танылатын сот отырыстарын дыбыс-бейнежазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қызмет көрсетуде. «Төрелік», «Сот кабинеті»секілді электрондық ақпараттық сервистерінде халыққа қызмет көрсетутетіктері ұлғайды.
Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстер, Еңбек кодексі және басқа да қоғамдық қатынастарды реттейтін заң актілері қабылданды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне еніп, жаңа соттар қызметін бастады.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттікоргандардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруғабайланысты қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттеп отыр.Ал, мемлекеттікоргандар, әкімшілікоргандар,лауазымдыадамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастар дың қатысушылары болып табылады.
Сот жүйесіндегі басты талап - істерді заңды, әділ және жедел қарау.Әрбір істің артында азаматтың тағдыры, қоғам мен мемлекеттің мүддесі тұр.
Сот жүйесіндегі болып жатырған барлық жаңашылдықтар сот тәуелсіздігін орнықтырып, баршаның сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп, кез келген тұлғалардың өз құқықтарын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті.
Осының барлығы, еліміздің мемлекет құру жолындағы реформалар.
Осы ұлттық мереке қарсаңында барша Қазақстан Республикасының халқына мықты денсаулық, толайым табыс, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке және елімізге одан әрі дамуын тілейміз.
Г.САҒЫНОВА,
аудандық сот әкімшісінің басшысы