Сонымен бірге, 600 орындық мектеп құрылысы басталды.
Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бүгінде білім беру мекемелері құрылысына басымдық берілуде. Мәселен, ауданда балабақша кезегінде тұрған 1-6 жас аралығында 540 бала бар. Кезектегі балалар санын азайту мақсатында Алға ауылынан 160 орындық жаңа балабақша ғимараты құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті» деп нақтылады спикер.