«Биыл Махамбет ауданында 28 адамға бизнес жобаларын ашуға несиелер және 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишовтің айтуынша, есепті кезеңде ауданда 1268 жұмыс орны ашылған.
«Биыл "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1506 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 798 адам тұрақты жұмысқа, 41 адам әлеуметтік жұмысқа, 46 адам жастар практикасына және 621 адам қоғамдық жұмысқа орналасты. Тегін қысқа мерзімді кәсіби оқуға 41 адам жолданды. Нәтижесінде 28 адамға бизнес жобаларын ашуға несиелер және 30 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді» деп атап өтті спикер Ринат Джанглишов.