2022-2023 жылдары Махамбет ауданында 126 жаңа жұмыс орыны ашылады.
Қазіргі таңда ауданда индустрияландыру картасы аясында 4 жоба іске қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Биыл ауданда «Жумагалиева» ШҚ «4 гектар жерге жылыжай салу» жобасын және «Guryev» ЖШС-нің «Жылы және салқын су өлшеу құрылғыларын өндіру» жобасы іске қосылады. Сонымен қатар, 2022-2023 жылдары ауданда «PromGaz BP» ЖШС «Жанар жағар май стансасы» және «Атырау Құс» ЖШС-нің «Бройлерлік құс фермасы» жобасын іске асыру көзделуде. Мұнда барлығы 126 жаңа жұмыс орны ашылады», деп нақтылады спикер Ринат Джанглишов өңірлік коммуникациялар қызметі базасында өткен брифингте.