Махамбет ауданында 2020 жылдың мамыр-тамыз айларында коронавирус инфекциясын жұқтырған 200 науқас тіркелді.
Оның ішінде Махамбет ауылында 95 жағдай, Бейбарыста 31, Сарайшықта 19, Жалғансайда 10, Ортақшыл, Сарытоғай, Алға, Таңдай ауылдарында 9, Ақжайықта 6, Ақтоғай ауылында 3 жағдай орын алды.Сонымен қатар өкінішке орай, жұқпалы індеттен ауданда 5 тұрғын көз жұмды.
Қазіргі жағдайда аудандағы провизорлық стационарларлық аурухана жабылды. Жұқпалы аурулар бөлімінде де вирус жұқтырған науқас жоқ. Дегенмен алда күн суытып келеді. Тұмау басталады. Сондықтан әлі де болса бейғамдықты қою керек. Коронавирустың белгілері өткір респираторлық инфекция мен тұмау белгілеріне ұқсас болып келеді. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл кәдімгі респираторлық жұқпаның симптомдары болуы әбден мүмкін. Түшкіру, әлсіздік, бас ауру, дене қызуы көтерілуі,тамақтың жыбырлауы, кеуде қуысының ауруы, жүрек қағысының жиелеуі,тыныс алудың жиілеуі.
Әлемдегі коронавирустық инфекция жағдайына байланысты, оның таралуының алдын алу, сондай-ақ қазақстандықтардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды сұраймыз.
- вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
- дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет, - тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
- тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет.
- жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т.б.);
- қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын).
- қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді.
Адамдар көп жиналатын жерлерге барып, келгеннен кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шайып, жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу, спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет, содан кейін залалсыздандырған жөн;
- қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықты сақтау; - ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т.б.) үйде қалу, өзін-өзі емдеумен айналыспай, міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет.
К.ӘЖДЕНҒАЛИЕВА,
аудандық тауарлар көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы жетекші маманы
Сурет:дереккөз