Махамбет ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде аудан аумағы бойынша тексеріс жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтағы тұрғын үйлерді, азық-түлік дүкендерін, жеке кәсіпкерлерді тексеріп, визит карточкаларын таратты.
Құқық бұзушылықтың, қылмыстын алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлерге дабыл қаққыш пен бейне камера орнату жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп, жергілікті әкімшілікке ұсыныстар жіберілді. Бөлімнің профилактикалық есебінде тұрған азаматтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, сонымен қатар мекен-жайға тіркеусіз жүрген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сондай-ақ, азаматтық қару иелерін тексеріп, қаруды сақтау ережесін бұзушылыққа жол берген қару иесі ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады.
А.ҚАЛИЕВА,
аудандық полиция бөлімі жергілікті
полиция қызметінің аға инспекторы,
полиция майоры
Сурет:дереккөз