Махамбет ауданына жаңа имам тағайындалды

Мешіт жамағаттары жаңа имамның жанынан табылады деген үлкен сенімдеміз.

Бір адамның ғана емес, талай махамбеттіктің иманға келуіне себепші болып, барша жамағатты бірлікке, ынтымаққа шақырып, Аллаға сенуге септігін тигізіп келген Ержан Иманғалиев мешіттің бас имамы қызметін тоқтатты. «Білімді ағаш бесіктен жер бесікке дейін алу керек» деген Пайғамбарымыздың өсиетті сөзін берік ұстанған Е.Насихатұлы ҚМДБ-ның Түркиядағы академиясына оқуға қабылданып, алдағы үш жылда терең білім алмақшы.

imam03092021-2

Оның орнына Жылыой ауданындағы мұсылмандар мешітінде 2017 жылдан бері наиб имам қызметін атқарып келген Нұрбек Ибадоллаев тағайындалды. Қызылорда облысының тумасы Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетін бітірген. 1997-99 жылдары Түркияның Стамбул қаласында екі жылдық діни медресені тәмамдаған. Араб тіліне жетік маман. Жаңа имамды қасиетті жұма күні Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы барша жамағат алдында таныстырды. Ержан Иманғалиевтың осы уақытқа дейінгі қызметіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

imam03092021-1

- Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған әрбір ісіңіз үшін мол сауаптан жазсын. Ел тәуелсіздігінің баянды болуына, мешіттердің көркеюіне, халқымыздың рухани дүниесін дамытуға қосқан игі істеріңізге Алла Тағала разы болсын. Отбасыңызға Жаратушы иеміздің нұры жауып, деніңіз сау, еңбегіңіз жемісті болсын. Алла жолында аянбай еңбек ете беріңіз. Жаңадан тағайындалған бас имамға алған білімі мен тәжірибесін кеңінен насихаттай беруін Алла нәсіп етсін. Мешіт жамағаттары жаңа имамның жанынан табылады деген үлкен сенімдеміз,-деді облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

imam03092021-5

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521