Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев туралы кітап жарық көрді

Кітап барша педагогтар мен болашақ ұстаз мамандығын таңдаған студенттерге арналады.

Білім мерекесі күні «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасынан КСРО Халық мұғалімі, Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мұғалім, Еңбек Қызыл Ту, Парасат ордендерінің иегері, Атырау облысы және Махамбет ауданының Құрметті азаматы Құсиын Айтқалиевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Халық мұғалімі» атты 540 беттік кітап жарық көрді. Таралымы – 150 дана.

Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының демеушілігімен жарық көрген кітаптың құрастырушылары – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Қылышбай Сүндетұлы, белгілі өлкетанушы Сәтқали Әуелбайұлы, ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нәсіпқали Төлегенов, ұстаздың ұлы Айдын Айтқали, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қ.Айтқалиев атындағы республикалық атаулы мектептің мүшесі Баршагүл Әубекерова және ҚР білім беру ісінің үздігі, ізбасар шәкірті Аққойқын Алдабергенқызы.

Кітапта Халық мұғалімінің өмірі мен қызметі, әріптестері, ауылдастары және өзі тәрбиелеген шәкірттерінің естеліктері жан-жақты баяндалған. Барлық саналы ғұмырын халық ағарту ісіне арнаған ұстаз есімі қашанда құрмет пен ардақтауға лайық. Осы тұрғыдан келгенде кітапты құрастырушылардың баянды еңбегі сол міндетті абыроймен атқарды деген тұжырым жасауға болады. 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521