Ағымдағы жылдың 30 қаңтар-5 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның екі күнінде облыс бойынша жол қауіпсіздігіне қатысты 53 заңбұзушылық анықталды.
Оның ішінде: жылдамдық асырған 29 автокөлік, қауіпсіздік белдігін тақпаған 5 азамат анықталды, көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы-1, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы- 5. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Махамбет аудандық полиция бөлімі