Махамбет ауданы жастары зияткерлік ойында белсенділік танытты

Аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық "Жастар Рухы" ЖҚ жетекшілігінің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында "ЭлементариУм" атты интеллектуалдық ойын өткізілді.

Мақсат - аудан жастарын біріктіріп, білімге деген көзқарастарын кеңейту. Ойынды Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының маманы Ілияс Мейрамбекұлы жүргізді.

"Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі", "О.Шонаев орта мектебі", "Өнерпаз" мәдениет үйі, "Самал" мәдениет үйі, "Белсенді жастар" және "Жастар Рухы" командаларының арасындағы ойын тартысқа толы өтті.

Екі кезеңде де қарсыластарынан оқ бойы озық болған "Белсенді жастар" командасы сайыс жеңімпазы атанды. "Қалыбеков атындағы орта мектеп" командасы екінші, "О.Шонаев орта мектебі" командасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта зияткерлік ойынға қатысушылардың санын көбейтіп, кең көлемде өткізуді жоспарлап отыр.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз