Махамбет ауданы мемлекеттік қызметшілерінің жай-күйі

Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарында штат бойынша 100, нақты 98 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады, 2 бос орын бар.

Гендерлік құрам бойынша 44 ер, 53 әйел қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 42,3 жылды құрап отыр. Мемлекеттік қызметегі орташа еңбек өтілі 11,5 жылды, өз қызметтеріндегі орташа еңбек өтілі 4,5 жылды құрайды.Қызметшілердің 97,5 пайызы жоғары білімді.

​2023 жылдың 9 айында 20 мемлекеттік лауазымға конкурс жарияланды, оның ішінде 1  ішкі конкурс. Жалпы конкурсқа қатысуға өтініш бергендер саны 26 адам, конкурстық іріктеуден өтіп тайындалғандар саны 13 адам. Барлық конкурстық процедуралар ережеге сай, байқаушылардың қатысуымен өткізілді.

​Ағымдағы жылдың 9 айында 26 мемлекеттік қызметші біліктілік арттыру семинарларынан, 7 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT