«JAIDARMAN» ойыны: «Махамбет ауданы әкімінің кубогі» кімге бұйырды?

Әзілкеш жастар арасында «JAIDARMAN» ойыны өтіп, Махамбет ауданы әкімінің кубогі сарапқа салынды.

Бұл шараға облыстың өнерлі жастары белсенділік танытты. Олар аудандық "Өнерпаз" мәдениет үйінің сахнасында бас қосып, қағытпа қалжыңдарымен көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Махамбет ауданы әкімдігінің қолдауымен, жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен Жайдарман ойынында Саламат Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің «Баймұханов 45», «Индер», «Доссор», «Еркінқала», #28 мектептің «Q-елі» және «Махамбет» атты командалар өз бағын сынады. Жайдарман ойынына арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов сайысты салтанатты түрде ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

"Сәлемдесу" деп аталған бір ғана кезеңнен тұрған бәсекеде қазылар алқасының ұйғарымымен жүлделі үшінші орынды «Махамбет» командасы иеленсе, екінші орын «Баймұханов 45» командасына бұйырды. Ал, жеңімпаз атанып, жүлделі бірінші орынды иеленген «Q-елі» командасы Махамбет ауданы әкімінің кубогін қанжығалады. Жеңіске жеткен әр командаға аудан әкімінің арнайы дипломы табысталып, қаржылай сыйақы ұсынылды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521