Махамбет ауданы әкімінің орынбасары зейнет демалысына шықты

Аудан әкімінің орынбасары Мардан Сейтқалиев зейнет жасына келуіне орай аудан әкімі Р.Жанқылыш арнайы құттықтап, алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Мәжиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сабиров, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Қ.Нығметова зейнеткерге өздерінің тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Мардан Жұмахметұлы 1977 жылдан бастап түрлі лауазымдарда, соның ішінде ұзақ жылдар бойы Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті. Аудан әкімінің орынбасары лауазымына 2013 жылы тағайындалып, зейнет жасына келгенше осы лауазымды абыроймен атқарды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT