Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы тағайындалды

Аудан әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №243 өкімімен Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы – 1994 жылы 20 шілдеде Махамбет ауданы, Махамбет ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі - жоғары. 2012-2014 жылдары Алматы аграрлық колледжі, 2014-2017 жылдары Батыс Қазақстан инновациалық-техникалық университеті қаржы мамандығын бітірген. Отбасылы.

Еңбек жолын 2014 жылы Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде есепші, шаруашылық меңгерушісі болып бастаған.

2018 – 2021 ж. Махамбет аудандық Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Махамбет аудандық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы.

2021 – 2022 ж. Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік сала маманы.

2022 – 2023 ж. маусым айына дейін Махамбет ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз