Конкурстық өтінімдер БАҚ-та хабарлама жарияланған күннен бастап 1 ай мерзімге дейін қабылданады.
«Махамбет ауданы бойынша III тоқсанға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі» ақпараттық хабарламасына толықтырулар енгізу туралы.
Махамбет ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша 2020 жылдың 10 тамыз күні сағат 15.00-де Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №25а,«Нұр Отан» ғимараты мекен-жайында конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Жер телімдерін жалға беру шарттары:
- міндетті түрде белгіленген мақсатта және орналасқан орыны бойынша пайдалану қажет;
- конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат пен конкурстық өтінім ұсыну қажет.
Конкурсқа қатысушылар мына мекенжай бойынша тіркеледі: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 16 үй.
Конкурстық өтінімдер бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама жарияланған күннен бастап 1 ай мерзімге дейін.
Анықтама телефоны: 8(71236) 2-20-17, 2-19-45.
Қосымша ақпараттарды Атырау облысы әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми сайтынан алуға болады.
«Махамбет аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ