"Провизорлық орталықтар санын көбейтсе" деген ұсыныс айтылды.
«Атырау - адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі «Жаһанды жайлаған індет кезіндегі Махамбет ауданының ахуалы» тақырыбында аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлымен тікелей эфир ұйымдастырды.
Тікелей эфир барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі, аурухана жағдайы, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жөнінде бірқатар мәселелер қозғалды. Аудан тұрғындары тарапынан қойылған құрылыс және жер мәселелері жөніндегі сұрақтарға аудан басшысы тұшымды жауап берді. Тікелей эфирді қорытындылаған жобалық кеңсе өкілі провизорлық орталықтар санын көбейтсе деген ұсынысын білдірді.
«Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде, аудан орталығындағы қажетті нысан провизорлық орынға дайындалу үстінде. Ал кеше ғана аудандық емханаға оттегі аппаратын алуға шақырған азаматтар тың бастама көтерді. Осы бастаманы қолдауға барша аудан кәсіпкерлерін, жаны жомарт азаматтарын шақырамын»,- деді аудан әкімі Ж.Ахметов.
Аудан әкімі тарапынан «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсеснің өкілі Айбек Сирашқа еріктілермен, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімімен бірге дәріханалардағы дәрілердің бағасына мониторинг жұмысын қажетті деңгейде жүргізу жөнінде ұсыныс айтылды.
Өз тілшіміз.