Махамбетте әкімдік көліктері жедел жәрдем қызметін атқаруда

Енді әкімдік көліктері дәрігерлерді тасиды.

Әкімдік тарапынан жұмыс күндері екі қызметтік көлік бөлінсе, сенбі және жексенбі күндері бір көлік қызмет көрсетеді. Олар мобильдік топтағы учаскелік дәрігерлерді тұрғындардың шақыртуына осы көліктермен апаратын болады.

a

Бұл ауруханадағы көлік тапшылығын азайту үшін қолға алынған. Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлерінің бір бөлігі онлайн режимдегі жұмысқа көшкендіктен, олардың қызметтік көліктері дәрігерлер үшін үлкен көмек болып отыр.

a

«Ауруханада орын жоқ. Емханаға қызуы көтерілген адамдарды келмеуге шақырудамыз. Қазіргі күні шақыртулар да үсті-үстіне көбейіп жатыр. Біздің бақылауымыздағы 6 участок тұрғындарының 60-70 пайызы жедел жәрдем шақыртады. Үйде амбулаторлы ем алып жатқан науқастар мен сырқаттанып, шақырту берген науқастарды қарап, ем-домдарын жасауға бару үшін аурухананың жалғыз көлігі аздық етеді. Осы орайда әкімдік тарапынан қызметтік көліктер бөлініп, жұмыс сәл де болса жолға қойылды»,- дейді аудандық аурухана директорының орынбасары Алмагүл Гайдарқызы.

a

Айта кететін бір жайт, бұл көліктермен инфекция жұқтырған, науқас адамдар тасымалданбайтындықтан, көлік жүргізушелері арнайы киіммен қамтылмайды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT