28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова аудан айнасы «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымын қабылдады.
- Бүгінде сот пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара байланыстың арқасында сот жүйесіндегі жаңалықтар мен мазмұнды мақалалар баспасөз бетінде үздіксіз жарияланып келеді. Әсіресе, халық іздеп жүріп оқитын «сот залынан» айдармен берілетін мақалалар топтамасы үлкен сұранысқа ие деп айтуға болады. Кездейсоқ оқиғалар мен қызықты сәттерге толы журналистер қауымының жұмысы оңай емес, жүктелер жауапкершілігі де жоғары. Халыққа ақпаратты анық әрі жедел жеткізудегі белсенді жұмыстарыңыз үшін ерекше алғысымды білдіремін. Ортақ істе әрі қарайда арада алтын көпір орнатып, ынтымақтастығымыз бұдан да нығая түседі деп сенемін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, - деген тілегін білдірген сот төрағасы тілшілерге шоқ гүлдерін табыстады.
Қабылдауға келген аудандық газеттің бас редакторы Б.Сүйеуова кәсіби мереке қарсаңында алғашқылардың бірі болып қабылдауға шақырған аудандық сот ұжымына көрсеткен ықылас-құрметтері үшін алғысын білдірді.
Б.САПАРОВА