Бейбарыста ойын алаңы ашылды

Бейбарыс ауылында «Болашақ» балалар ойын алаңы ашылды.

Ашылу салтанатына жиналғандардың ішінде балалардың қарасы қалың. Бәрі алаңның ашылуын асыға күтуде. Аудан әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы жаңа ойын алаңның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, алаң балалардың бос уақыттарын қызықты етіп өткізетін орынға айналсын деген игі тілегімен қоса кәсіпкер Әсел Есениязоваға алғысын білдірді. «Первомайский» ЖШС директоры Есболат Аманжолұлы ауылдан ашылып жатқан балалар ойын алаңына қуанып жатқанын, ауылдастың тайы озып шыққанына дән риза екендігін жеткізді.

alan25621-1

Мұнан әрі сөз алған Әселдің анасы Күнжан және енесі Светлана апалар да балаларына ақжарма тілектерін жаудырып, ақ батасын берді. Әсел Есениязова ойын алаңының ашылуына қош келдіңіз айтып, кәсіп ашуына түрткі болып, атсалысқан аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Жексенбай Пазулов пен «Первомайский» ЖШС директоры Есболат Аманжолұлына ескерткіш сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, Рамазан айында асар ұйымдастырған барша ауылдастарына рахметін айтып, өз үлесін қосқан бір топ ауыл жастарына он мың теңгенің сертификатын үлестірді.

«Болашақ» ойын алаңының салтанатты түрде лентасын қию рәсімі Дастан мен Әселдің аналарына тапсырылды.

oiyn260621

Осы сәтті асыға күткен балалар ойын алаңына лап қойып, бірі әткеншекте тербелсе, екіншісі сырғанап, асыр салып, ойнауға кірісті.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

Бейбарыс ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521