Махамбет-Атырау бағытында 33 орындық автобус шықты

Біздің тұрақты оқырмандардың есінде болса, аудан айнасында бұл мәселені бірнеше рет көтергенбіз. Енді міне, мердігер де жауаптылар да уәдесінде тұрып, Атырау-Махамбет-Сарытоғай бағытындағы жаңа автобус қолданысқа беріліп отыр.

 Осыған дейінгі жолаушылар тасымалдайтын автобуста орын санының жеткіліксіз болуы тұрғындарға біраз қолайсыздық тудырған еді. Екі ауылдың жолаушысын жинап таситын автобусқа көбінесе студенттер мен балалы ата-аналар сыймай қалып жатады.

24 адамдық автобусты, 33 орындық жаңа көлікке ауыстырған «Қосыбаева» жеке кәсіпкерлігі тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Тапсырыс беруші облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы да жергілікті халықтың өтінішін ескеріп, кәсіпкерге уақыт берді.

Айтылғандай ағымдағы жылдың шілде айынан бастап қалаға қатынайтын қоғамдық көлік халық игілігіне берілді.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз