Махамбет ауданында «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

Шалғай ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізу – бұл «AMANAT» партиясының басты ұстанымдарының бірі. Осыған орай Махамбет ауданына қарасты Ақжайық ауылында партияның Атырау облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті.

Қоғамдық қабылдауға 10-нан астам азамат жазылған. Біраз бөлігі жеке басының шаруасын емес, ауылдың болашағына алаңдай келіпті. «Аманатқа» аманатын арқалай келген ауыл тұрғындарының өтініштері жаңа балабақша салу, заманауи үлгідегі тұрмыстық қатты қоқыс қалдықтарын жинақтайтын орынның қажеттіліг, көше жарығы, электр энергиясы қуатының әлсіздігі секілді әлеуметтік салада өрбіді.

- Ауылдан 3 шақырымдай жерде қоқыс полигоны бар. Оның жанында шаруа қожалығы жұмысын жүргізбекші. Сондықтан тазалықты сақтағымыз келсе, қоқыс полигонын басқа жерге көшіру керектігі туралы өтінішпен келдім. Жауапты мамандардың сөзіне сенсек, жақын арада орындала қоюы екіталай,- дейді ауыл тұрғыны М.Тәжіғалиев.

4930f505-843a-4388-91e4-5ae44a371bee

«Жыл сайын халықтың, оның ішінде ауылдық жердегі тұрғындардың да тұрмыс-тіршілігі жақсарып, әл-ауқаты артып келеді. Осыған орай өмір сүру деңгейі, сұраныс, талап-тілектердің де өзгеруі, арта түсуі заңды»,- дейді AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілі тұрғындардың айтқан өтініштерін бақылауға алып, орындалуына ықпал ететіндіктерін жеткізді.

– Бүгінгі қабылдау кезінде тек Ақжайық ауылына ғана емес, басқа ауылдарға да тән заманауи қоқыс төгетін полигон мәселесі көтерілді. Балабақшаның апатты жағдайда тұрғандығы және өзге де әлеуметтік мәселелер көтерілді. Құрамымызда Республикалық қабылдау бөлімінің өкілдері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары бар. Жалпы «АМАNAT» партиясы шалғай елдімекен тұрғындарының өтініштерін тыңдап, жеткізетін жерге жеткізіп, мәселелердің аяқсыз қалмауына жұмыстанып отыр,- дейді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақтолқын Ахметжанова.

beee2048-414d-489d-9d00-03cce3b23a84

«AMANAT» партиясының Махамбет аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жыл басынан бері 100-ге жуық адам жүгінген. Оның 44,9 пайызы оң шешімін тапса, қалған өтініш иелеріне құқықтық кеңестер мен түсініктер беріліпті. Бүгінгі күні бұқара базынасының негізгілері – баспана мен жұмыспен қамту мәселері болып тұр.

 

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521