Лудомания: ойыннан басталып, өмірді құртады

Қазіргі қоғамда тәуелділік түрлері көбейіп келеді, соның бірі – лудомания. Лудомания – құмар ойындарға деген патологиялық тәуелділік. Бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның әлеуметтік, экономикалық және психологиялық мәселесіне айналып отыр.

Лудоманияға шалдыққан адам ойыннан ләззат алудан гөрі, оны өмірінің басты мақсатына айналдырады. Ақша ұту үмітімен ол уақытын, қаржысын, тіпті отбасын да құрбан етуі мүмкін. Мұндай тәуелділік көбіне қаржылық қиындықтарға, қарызға батуға, күйзеліске және суицидтік ойларға алып келеді. Сонымен қатар, лудомания еңбек өнімділігінің төмендеуіне, отбасылық қатынастардың бұзылуына және қоғамдағы қылмыстың артуына әсер етеді. Қазіргі таңда онлайн-казино мен букмекерлік кеңселердің қолжетімділігі бұл мәселені одан әрі ушықтырып отыр.


Лудомания – елеусіз қалдыруға болмайтын қауіпті дерт. Онымен күресу үшін алдын алу шараларын күшейтіп, жастарға дұрыс тәрбие беру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және психологиялық көмек көрсету қажет. Әр адам өз уақытын пайдалы іске арнап, салауатты өмір салтын таңдаса, лудоманияның қоғамдағы әсерін азайтуға болады.

 

Г.СӘДУАҚАСОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT