Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы – елдің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Бұл Жолдауда еліміздің геосаяси орны, экономикалық әлеуеті және заманауи сын-қатерлерге жауап беру жолдары нақты көрсетілген.
Жолдауда Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғап тұрған стратегиялық көпір ретіндегі рөлі ерекше аталады. Жүк тасымалы көлемінің 1 миллиард тоннадан асуы – көлік-логистика саласының дамып келе жатқанын дәлелдейді. Сонымен қатар, транзиттік әлеуетті одан әрі арттыру қажеттігі айтылып, бұл экономиканы әртараптандыруға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашатыны көрсетілген. Цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы бұл салада тиімділік пен ашықтықты күшейту көзделген.
Жолдау еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған нақты әрі өзекті міндеттерді қамтиды. Қазақстанның транзиттік және технологиялық әлеуетін тиімді пайдалану – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл Жолдау – тұрақты даму мен жаңашылдыққа бастайтын маңызды бағдар.
Г.СӘДУАҚАС



