Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер қоғамның барлық саласын қамтып, ел болашағына бағытталған нақты шешімдерді ұсынды. Мемлекет басшысы атап өткендей, білім беру саласын дамыту, ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру және жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беру – басты басымдықтардың бірі.
Ауылдық жерде білім сапасын көтеру – ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтудың негізгі тетігі. Құрылтайда айтылған бастамалар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, мұғалім мәртебесін көтеруге және оқушыларға тең мүмкіндік жасауға жол ашады. Бұл шешімдер білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар үшін үлкен қолдау әрі жауапкершілік жүктейді.
Құрылтайда қозғалған әрбір мәселе елдің бірлігі мен тұрақты дамуына қызмет етеді. Ал білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу – осы мақсаттарға жетудің берік негізі.
Серік Құмарұлы,
Ақжайық ауылының уақытша мектеп директоры қызметін атқарушы
#ҰлттықҚұрылтай
#БілімБерудіДамыту
#АуылМектебі
#СапалыБілім


