Әлеуметтік салаға да назар аударылады

Ұлттық Құрылтай еліміздегі демократияның орнығуына ықпал етіп, халықтың ашық пікірталас пен еркін пікір алмасудың маңызды алаңына айналғанын білеміз.   Жыл сайынғыдай бұл жолы да құрылтайда қоғамдағы негізгі түйткілді мәселелер-әлемдегі ахуал, экономикалық жағдай, әлеуметтік мәселелер жан-жақты талқыланып келеді.

Ұлттық Құрылтайда көтерілгн жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламаларды жетілдіру, жастар мен отбасыларға қолдау көрсету мәселелері Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үшін нақты бағдар болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмалары біздің қызметтің басты бағыттарын айқындайды.   Бөліміміз Президент бастамаларын қолдап, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, тиімді қолдау шараларын жүзеге асыру үшін бар күшін салатын болады.

Жалпы  Құрылтай отырыстарында  400-ден астам пысықталған бастамалар көтіріліп, қоғамның өзекті  ұсыныстарын айқындайтын бірқатар заң жобаларын талқылау мен қабылдануына түрткі болған маңызды мінберге айналды.   

Бұл құрылтайдағы пленарлық отырыстарда мемлекеттік басқару жүйесі, конституциялық-парламенттік реформалар және құндылықтық бағдарды одан әрі нығайту мәселелері бойынша жүйелі ұсыныстар көтерілді.

Жексенбай Пазулов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT