Ұлттық тәрбие мен ананың рөлі – ел болашағының кепілі.

Ұлттық құрылтайда көтерілген отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық тәрбие және әйел-аналардың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған бастамалар Аналар кеңесі үшін аса маңызды. Мемлекет басшысының саналы, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ қалыптастыруға қатысты ой-тұжырымдары әрбір ананың жүрегінен орын алары сөзсіз.
Аналар кеңесі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіндегі ананың рөлін күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра отырып, Президент көтерген бастамаларды толық қолдайды. Ұлттық құрылтайда айтылған ойлар – ұлт болашағына бағытталған нақты әрі маңызды қадамдар деп білеміз.

Атырау облысы Махамбет ауданы
Аналар кеңесінің төрайымы
Сариева Тойған Қалимқызы

#ҰлттықҚұрылтай
#ОтбасыҚұндылықтары
#ҰрпақТәрбиесі
#ҰлттықТәрбие
#АнаныңРөлі
#ӘйелАна
#АналарКеңесі
#ЕлБолашағы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT