Ұлттық құрылтай – ел бірлігін бекемдейтін маңызды алаң.

Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, ел дамуының басым бағыттарын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси алаң. Құрылтайда көтерілген мәселелер ұлттық мүдде мен заманауи талаптарды ұштастыра отырып, әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға бағытталғанын көрсетеді.
Мемлекет басшысы атап өткен ұлттық қауіпсіздік, заң мен тәртіп, жастар тәрбиесі, патриоттық құндылықтарды нығайту мәселелері қорғаныс саласы үшін де айрықша мәнге ие. Әсіресе жастардың Отанға деген жауапкершілігін арттыру, әскери-патриоттық тәрбиені жүйелеу бағытындағы бастамалар уақыт талабынан туындап отыр.
Махамбет ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі ретінде Ұлттық құрылтайда айтылған ой-пікірлер мен нақты тапсырмалар біздің күнделікті қызметімізге бағыт-бағдар береді деп есептеймін. Ел қауіпсіздігі мен тыныштығы – бір ғана саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды сапалы жүзеге асыру арқылы мемлекетке деген сенім артып, елдік мүдде жолындағы бірлік одан әрі беки түсетініне сенім мол.


Тасмағамбетова Гүлбану,
Махамбет ауданы қорғаныс істері жөніндегі
бөлім басшысы көмекшісі


#ҰлттықҚұрылтай
#Қызылорда
#ЕлБірлігі
#ЗаңЖәнеТәртіп
#ҰлттықҚауіпсіздік
#ПатриоттықТәрбие
#ЖастарСаясаты
#ОтанғаҚызмет

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT