Ұлттық құрылтай – қоғам мен билік арасындағы сенім алаңы

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер ел дамуының өзекті бағыттарын айқындап, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты жаңа деңгейге көтерді. Мемлекет басшысы атап өткен әрбір бастама – халықтың әл-ауқатын арттыруға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар.
Құрылтай алаңында білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты, ұлттық құндылықтар мен заң үстемдігі секілді маңызды салаларға айрықша назар аударылды. Бұл – елдің тұрақты дамуы үшін қабылданатын шешімдердің қоғам сұранысына негізделіп отырғанының айқын көрінісі.
Мекеме басшысы ретінде Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстар мен бастамалар біздің сала үшін де бағдаршам іспетті деп есептеймін. Әсіресе жауапкершілік, кәсібилік және халықпен кері байланысты күшейту мәселелері күнделікті жұмысымызда басты ұстанымға айналуы тиіс.
Ұлттық құрылтай – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, нақты іске бастайтын пәрменді тетік. Алға қойылған міндеттерді сапалы орындау – баршамыздың ортақ парызымыз. Қоғамдық келісім мен бірлік бар жерде ғана тұрақты даму болатыны сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT