Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер ауыл тұрғындары үшін аса маңызды. Әсіресе ауыл инфрақұрылымын дамыту, білім мен медицина сапасын арттыру, жастарды жұмыспен қамту, ұлттық тәрбие мен бірлікті нығайту бағытындағы бастамалар көңілге қонымды. Мемлекет басшысының елді әділетті, берекелі қоғамға бастайтын нақты ұсыныстары ауыл халқының тұрмысын жақсартуға жол ашады. Ұлттық құрылтай – ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтып, халықтың шынайы пікірін билікке жеткізетін маңызды алаң деп санаймын.
Қалисова Сәуле,
ауыл тұрғыны
#ҰлттықҚұрылтай #АуылҮні #ЕлБірлігі #ҰлттықҚұндылық #ӘділеттіҚазақстан


