Биылғы жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды

ҚР Президенті  Қ.Тоқаев 2026 жылды «цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады.  Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті(ЖИ) кең көлемде енгізу мақсатында қабылданған еді.   

Жолдауда атап өткендей, бұл жылда Қазақстан цифрлық жаңғырудың және озық технологиялар енгізудің маңызды кезеңіне айналады.   ҚР Үкіметіне осы маңызды жылды өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.   Жолдау орындалуын бақылау ҚР Президенті Әкімшілігіне жүктелді.   Бұл қадам елдің цифрлық стратегиясын кезеңдік түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Равиль Темірланов, аудандық отбасын қолдау орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT