Ұлттық құрылтай – рухани жаңғыру мен мәдени дамудың нақты тетігі.

Ұлттық құрылтай – ел болашағына қатысты маңызды мәселелер ашық көтеріліп, нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданатын бірегей қоғамдық алаң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен Құрылтай отырыстары қоғамды жаңғыртуға, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жүйелі қадамдарымен ерекшеленеді.
Құрылтайда мәдениет пен руханият мәселелерінің басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылуы – сала қызметкерлері үшін аса маңызды. Өнер мен мәдениет халықтың рухани санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін негізгі күш болып табылады. Осы бағытта өңірлік мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, шығармашылық ұжымдарды қолдау, мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бастамалар уақыт талабына толық сай келеді.
Сонымен қатар, ұлттық тәрбие, жастардың рухани дамуы, салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтау мәселелерінің Құрылтай деңгейінде көтерілуі мәдениет саласының қоғамдағы рөлін одан әрі арттыра түседі. Бұл бастамалар елдің рухани әлеуетін күшейтіп, ұлттық тұтастықты бекемдейді.
Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекеттің ортақ мүддесін тоғыстыратын, мәдени дамуға серпін беретін маңызды шешімдер алаңы. Құрылтайда көтерілген мәселелер нақты істерге ұласып, ел игілігіне қызмет етеді деп сенемін.

Аққенже Құлымова,
Өнерпаз мәдениет үйінің қызметкері

#ҰлттықҚұрылтай #РуханиЖаңғыру #МәдениетДамуы #ҰлттықҚұндылық #ӨнерЖәнеРуханият #ҚоғамЖаңғыруы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT