Ұлттық киімді дәріптеуіміз керек

Біздің баға жетпес ұлттық киімдеріміз ұлтымыздың тарихы мен руханиятының айнасы, мәдениетіміз бен дәстүріміздің айқын көрінісі. 

Қазіргі таңда қарап отырсақ, мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киіммен жүру әдетке айналып келеді. Бұл бастаманы біздің ұжымда бір ауыздан қолдап, ұлттық киімді күнделікті киім үлгісі ретінде киіп келеміз.
Ұлттық киіміміздің маңызы жөнінде Ұлттық құрылтай отырысында да ерекше атап өтілген екен.
Мемлекет басшысы  бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық екенін алға тартты.
- Қазір таңда  сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс. Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек, - деп айтты Қ.Тоқаев.


Біздің ұлттық киімдеріміз тек өткенді еске түсіріп қана қоймай, мәдениетімізді әлемге танытуда үлкен мәнге ие. Ал оны қазіргі заманға сай жаңарту — ұлттық сананы сақтау мен дамытудағы маңызды қадам болмақ.


Сымбат Ғалымова

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының

іс-шара үйлестіруші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT