Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан аудандық отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастаған болатын.
Аталмыш орталық еліміздегі отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен және де оларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, мобильдік топпен бірлесе тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға жан-жақты қолдау көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды іске асырады.
Мобильдік топ полиция қызметкерлерімен, оқу орындарымен, аудандық аурухана, білім бөлімімен, ауылдық округ әкімдерімен және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдермен бірлесіп жұмыс жасайды. Қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтап, қажет болса орталықтың қызметтеріне бағыттайды.
Отбасын қолдау орталығы мен мобильдік топ – отбасылардың құқықтарын қорғап, оларға әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсетіп, әрбір отбасының өмір сапасын арттыруға күш салады.
А.Хамидуллин,
аудандық отбасын қолдау орталығы басшының
уақытша міндетін атқарушы