Ұлт тарихының айнасы

«Өнерпаз» мәдениет үйі әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлеріне арналған «Ұлт тарихының айнасытарихи-мәдени ескерткіштер» атты аудандық семинар-кеңес өтті.

Шараның ашылуында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсембаев семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, мәдени мұраларды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Семинар жұмысы Есбол ауылдық округіндегі Алтын қорымы, Айтуар би, және Өскенбай мазарына ұйымдастырылған танымдық сапар­дан басталды. Мәдениет саласының қызметкерлері тарихи мұраларды көзбен көріп, ұлт тарихының тағылымды беттеріне тағы бір үңілді.

Ортақшыл ауылынан шығысқа қарай төрт шақырым жерде кішкене төбе үстінде «Алтын» көне қорымы жергілікті маңызы бар киелі орын­дар тізіміне енген. Іргетасы ХIХ-ХХ ғасырдың бас кезінде қаланған қорым – солтүстік Каспий жағасындағы діни мемориалдық кешеннің ең ірісі. Аңыз бойынша қорым осы жер­де жерленген Алтын деген әйелдің есімімен аталған. Қорым басында 200-дей көзге түсетін құрылыс бар. Мазарлар өңірге көп таралған үйтам үлгісінде шикі кірпіштен салынған.

– Қорымды алғаш рет 1988 жылы «Қазреставрация» институ­ты мамандары зерттеп, 1990 жылы мемлекеттік қорғауға алынған. «Алтын» қорымы туралы тарих ғылымының докторы, профессор С.Е.Әжіғали «Көшпенділер архи­тектурасы» деген кітап жазды. Ол кітабында Беріш-Себек руының екі қорымы «Алтын» және «Қатын» қорымдары барын, олар апалы- сіңлілі қыздардың атымен аталғанын жазады. Сол кездегі бір отбасындағы 9 қыздың тұңғышы Алтын болса, кенжесін ұл болады деп күткен әкесі оның атын «Қатын» қойғанын ай­тады. Қарақшылар қолынан қапыда қаза болған Алтын осы жерде жерленгендіктен қорым осы қыздың атымен аталса керек,- деді Атырау об­лысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары, өлкетанушы Фархад Байдәулетов.

Жалпы «Алтын» қорымында Ай­туар мен Бегәлі би де жерленген деседі. Негізінен бұл қорымда Беріш руының Себек бөлімінің адамдары жерленген. Іс-шараның келесі бөлігі Есбол ауылдық мәдениет үйінде жалғасып, әр ауылдық мәдениет үйі басшылары өз өңірлеріндегі тарихи мұралар бойынша мазмұнды презен­тациялар ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT