«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Таңдай ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында:
Көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды;
Ағаштардың түбі әктеліп, қоршаулар мен аумақтар ретке келтірілді.
Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, ауылдың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және таза, жайлы орта қалыптастыру болды.
Г.Жолдасқалиқызы