Әлеуметтік желіде алаяқтар жиіледі

фото: Zakon.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайда­лана отырып жасалатын алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді.

 Алаяқтықпен айналысатын топтар өздерін инвестициялық компания­лар ретінде таныстырып, танымал мессенджерлерде арнайы құрылған профильдерге сілтеме жасай оты­рып, әлеуметтік желілерде жарна­маны белсенді қолданады. Онда аза­маттарды ақша қаражатын салуға шақырып, инвестициядан қомақты қаржылық пайда табуға уәде береді.

Алаяқтар жалған лицензиялар мен басқа да құқық белгілейтін құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі атынан берілгенді көрсететін жалған құжаттарды жа­риялайды.

Қаскөйлер азаматтарды биржалық алым үшін біржолғы төлем жасауға үгіттейді. Бұл ретте азаматтарды инвестициялық табыс алуға қазақстандық криптовалюта бир­жасы немесе өзге де қаржы инсти­туттары кепілдік береді деп сендіреді. Алайда, қаражатты аударымынан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады.

Қазақстан Ұлттық Банкі инвести­циялар көмегімен жылдам табыс табу туралы ақпаратты қамтитын ре­сурстарда алаяқтық әрекеттің айқын белгілері бар екенін назарда ұстау үшін мәлімдейді. Себебі Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айыры­сулар мен мәмілелер жүргізбейді. Ұлттық Банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір плат­формаларды әзірлеуге қатыспайды. Жарнамалық ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары табысқа жалған кепіл беретін мәлімет қамтылады, бірақ байланыс ақпараты жазыл­майды. Инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Ре­спубликасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сай­тында жарияланған.

Егер сіз немесе сіздің танысыңыз мұндай жағдайға тап болса, алаяқтық әрекеттерін анықтау үшін құқық қорғау органдарына тиісті арызбен жүгінген жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT