Елімізде мектеп жасындағы оқушылары бар, арнайы санатқа кіретін ата-аналардан бір реттік көмек беруге құжат жинау науқаны аяқталды. Биылғы 2025-2026 оқу жылына Махамбет аудандық Білім бөлімінің мәліметіне сәйкес 1700 өтініш келіп түскен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаттарын бекіту туралы №64 қаулысының талаптарына сай ауданымыздағы әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардың мектеп жасындағы балаларының мектеп қабырғасына әлеуметтік себептер, яғни мектеп формалары мен оқу құралдарының болмауы себептерімен қатыса алмау ықтималдықтарының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың шілде, тамыз айларында жалпыға міндетті оқу қоры бойынша білім алушыларға бір реттік көмек ұсынылады. Жалпыға міндеттті оқу қоры бойынша білім алушыларға бір реттік көмек ұсынылады.
Жалпы ереже бойынша білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасыларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары «Білім туралы» ҚР заңы 4 бабына сәйкес әзірленді.
Төмендегідей санаттардағы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне сәйкес әзірленді. Атап айтсақ, мынадай санаттардағы білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларында тұратын жетім балаларға және ата-әжесінің қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, бағыттау мен бөлу тәртібін айқындайды. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
Осы қағидалардың 1 тармағының көрсетілген тұлғалардың санатын білім беру ұйымының алқалы органы ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің не кәмелетке толған білім алушының өтінішіне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап, тексеру актісі негізінде көрсетілген тұлғалардың санатын білім беру ұйымының алқалы органы ҚР мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына сәйкес ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің не кәмелетке толған білім алушының өтінішіне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілер отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын қарап, тексеру актісі негізінде айқындайды және бастауыш сыныптарда білім алатын тұлғаларды да қамтиды. Ағымдағы шілде және тамыз айларында ата-аналардың есепшотына қаржы аудару жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, соңғы үш жылда материалдық көмек 2.7 есеге, яғни 17 мыңнан 50 000 теңгеге дейін өскен.
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
«Ұсынылған қаржының мақсатты жұмсалуына жауапты тұлға-ата- аналар екендігі ескертіледі. Сондай-ақ сатып алынған оқу құралдары мен киімдердің төлем түбіртектерін білім беру ұйымдарына тапсыруға міндеттелінеді. Аудан бойынша шамамен 1700 баланы аталған көмек түрімен қамту жоспарланған. Дәстүрлі «Мектепке жол –шекарасыз жақсылық» ұранымен бастау алды. Акция аясында барша азаматтарды мұқтаж отбасы балаларына көмек қолын созуға шақырамыз. Ол үшін өз аймағыңызда орналасқан білім беру ұйымына жүгінуге болатындығын хабарлаймын. Акцияның мақсаты, өздеріңізге мәлім, аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Сонымен қатар қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестіктерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының 150 баласына демеушілер тарапынан метериалдық (оқу құралдар, сөмке, мектеп формалары) немесе қаржылай көмек түрі көрсетіледі деп жоспарланып отыр»,- дейді Атырау облысы Білім беру басқармасы Махамбет аудандық білім бөлімінің қорғаншы және қамқоршы органы әдіскері Айтөре Әбенова.
А.ТЕКЕБАЙ