Аялдамалар айналасы қашан асфальтталады?

Соңғы жылдары аудан орталығының үлкеюіне орай ауылішілік жолаушылар тасымалдайтын автобус маршруттары шығарылып, тұрғындар үшін аялдамалар да орнатылып берілді. Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 47 аялдама болса, оның 39-ы аудан орталығында, қалған 8-і ауылдық округтерде орнатылған.

Аялдамалар тиісті стандарттарға сай жасақталып, күннен, жаңбырдан қорғайтын шатыры, ыңғайлы орындықтары қарастырылған. Әйтсе де, жолаушылар үшін қолайсыздық тудырып тұрған бір ғана жайт бар. Ол – аялдамалардың айналасындағы асфальттау жұмыстарының әлі күнге аяқталмай отырғаны. Бұл мәселеге орай аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімі мамандарына сауал жол­дап, төмендегідей жауап алдық.

- Осыдан екі жыл бұрын аудан орталығында Махамбет ауылішілік жол салудың бірінші кезеңі баста­лып, жоба аясында аудан орталығына 39 жаңа аялдама орнатылған бо­латын. Жауапты мердігер мекеме «АИС» ЖШС-і аялдамалардың ай­наласын асфальттау жұмыстарын алдағы тамыз айында бастағалы отыр. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін толықтай аяқталатын болады. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы Ма­хамбет ауылішілік жол салудың 3-ші кезеңі басталды. Ол 18 шақырымды құрайды. Осы жоба аясында тағы 10 жаңа аялдама орнату жоспарла­нуда, - дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Жұмашев.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT