Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында жасаған баяндамасы – бүгінгі әлем үшін аса маңызды тарихи оқиға. Президенттің сөзінде көтерілген мәселелер тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін өзекті екені анық. Әсіресе соғыс пен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге шақырған үндеуі – қазіргі алмағайып кезеңде мемлекеттерге ортақ бағдар бола алады.
Қазақстан әрқашан бейбітшілік пен өзара сенімге негізделген сыртқы саясат жүргізіп келеді. БҰҰ мінберінен айтылған бастамалар еліміздің халықаралық беделін нығайтып қана қоймай, жаһандық ынтымақтастыққа тың серпін берді. Бұл – Қазақстанның жауапкершілігі жоғары, бейбітшілікке адал мемлекет екенін тағы да айғақтады.
Президентіміздің ұстанымдары – халқымыздың бірлігін бекемдеп, ел ішінде тұрақтылықты күшейтуге, ал халықаралық деңгейде өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған игі қадам. Біз, аудан тұрғындары, Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, оның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екеніне сенеміз.
М.Аменов,
Махамбет аудандық мәслихат депутаты