Ләззат СҮЛЕЙМЕН, сенатор: «Халықтың билікке араласу мүмкіндігі кеңейеді»

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен және қоғам қайраткері Елена Тарасенко Махамбет ауданының әйелдер қауымымен кездесу өткізді. Мақсат – Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықпен бірге талқылау және 5 маусым күні өтетін референдумға қатысуға шақыру.

«Конституциялық реформаларды ілгерілету мәселесі» тақырыбында өткен жиында алдымен сөз алған Сенат депутаты Ләззат Сүлейменнің айтуынша, референдумеліміздің саяси жүйесін демократияландыруға, жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік беріп отырған платформа. Суперпрезиденттік жүйеден бас тарту, Парламент пен мәслихатты, Конституциялық сотты күшейту секілді негізгі өзгерістерге тоқталған Сенатор халықтың билікке араласуының мүмкіндігі кеңейетіндігін айтты. Ата Заңның 50-ші бабының 3-ші тармағына енгізілетін өзгеріске сәйкес Мәжіліске ендігі кезекте 98 депутат аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады.

Оның үштен бір бөлігі өзін-өзі ұсынады немесе бірмандатты округтен сайланады. Яғни 70%-ы партиялар арқылы, 30%-ы облыстардан сайланады. Әр облыстан Мәжілісте де, Сенат та өкілдері болады,- деді Л.Жаңылысқызы.

f340e049-0afc-4dfd-b905-f65b1d7cb99c
Ал егер Парламенттегі депутаттың жұмысы елдің көңілінен шықпаса, оның мандатын сайлаушылар қайтарып алуға құқылы. Үкімет те істеген жұмыстары
туралы халық алдында есеп береді. Енді халық Үкіметке де, заң шығарып отырған депутаттарға да талабын қояды. Бір сөзбен айтқанда, адамның құқығы мен талабы бірінші орында тұрады. Конституциялық сотқа кез келген азамат өтініш білдіріп, соның көмегіне жүгінеді. Сенат депутаты барша қазақстандықтарды референдумға белсенді қатысып, ел тағдыры үшін маңызды шешімді бірге қабылдауға шақырды.

Біз қазір аудан-қалаларды аралап, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз.Махамбет ауданының тұрғындары бүгінгі кездесуге белсенді қатысты. Қоғамдағы келеңсіздіктер, Қаңтар қасіреті, әлеуметтік қорғау, жастар саясатына қатысты нақты сұрақтар қойылды. Өз тарапымнан жауап беруге тырыстым. Бұл реформалар мемлекеттік жүйені зайырлы қоғам құруға бұратын негіз болып табылады. Жалпы халық Тоқаевтың реформаларын қолдауға дайын. Бұл реформалар Жаңа Қазақстанның негізі болатындығына сенім артып отыр. Суперпрезиденттік – бір адамның қолындағы билік деген сөз. Негізі олай болмауы керек. Билік біреу, соның атқарушы билік, заң шығару және сот жүйесі деген үш тармағы бар. Осы үшеуінде сәйкестік болуы қажет. «Жер – халықтікі» дегенді біз бұрыннан-ақ айтып келеміз. Ата Заңның жаңа жобасында да осылай жазылған, мұны құптаймыз. Ендігі кезекте жер мәселесін шешуде халықпен келісім жүргізу міндеттелді. Азаматтардың бәрін референдумға қатысуға шақырамыз, ауызбіршілігімізді танытайық,- дейді Сенатор.

f1c931f3-2a43-4fe1-b4cc-188bd61dd852

Референдум – өз ойын билікке жеткізе алмай келген қарапайым халықтың ішінде қайнаған сын-ескертпелерінің көрінісі. Ата Заңға өзгеріс енгізу турасындағы талқы соңғы 10-15 жылда жиі өткізіліп келеді. Кездесу кезінде спикерлерге тұрғындар тарапынан әйел адамдардың зейнет жасын төмендету, зейнетақыны көбейту, атаулы әлеуметтік көмектің берілу жүйесі секілді толғандырған сұрақтары қойылып, еркін пікір алмасты.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT