Аудандық кітапханада референдумның маңыздылығы сөз болды

Махамбет аудандық орталық кітапханасында мекеме  басшысы, мәслихат депутаты Ш.Измагамбетова қызметкерлер мен оқырмандар арасында республикалық референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында жиын өткізді.

Депутат Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін референдум аясында ақпараттар беріп, жаңа Қазақстан құруда ел бірлігінің маңыздылығы туралы  сөз қозғады.

Сондай-ақ, әр азамат өз үлесін қосуы өте маңызды екенін айта келе, еліміз үшін маңызды саяси кезеңде оқиғадан тыс қалмай, белсенділік танытып, бірауыздан референдумға қатысуға  шақырды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT