Дауыс беруге шақырады

Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлім мамандарымен  «Кәсіпкерлерге арналған үкімет»  ғимаратында  да референдумға байланысты жиын өтті. 

«Шора» жеке кәсіпкерлігі басшысы Ибатолла Бағытжанұлы  алдағы референдум туралы, елімізде болып жатқан жаңа Қазақстан құрудағы  тың өзгерістер, жаңғыртылған Конституцияның өзгерістерінің айқын 10 көрінісі туралы айтты.   Мұнан әрі аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ақжол Қонысбаев та референдум туралы ой орамдарымен бөлісті.  Ол жаңа Қазақстан-жаңартылған Конституция  бұл жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам екенін, бұрын партия құру үшін мыңдаған адам қажет болса, енді тек бес мың адаммен де партия құра алатынын  қаперледі.    

Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлім басшысы  Олжас Мырзабаев  та әр адамның  даусы маңызды екенін,   үнемі халықпен санасып, халық үніне құлақ асатын жаңа Қазақстан құрылатынына сенім білдіретінін айтып,  бәрі  бірауыздан референдумға қатысатынын жеткізді.

 

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT